Сіздің жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңізге арналған ақылды технологиялар
Екі аймақтық климат-бақылау + орындықтарды жылыту/желдету
Климатты басқарудың кең сенсорлық панелінде орындықтарды жылытуды және желдетуді және
руль дөңгелегін жылытуды басқару элементтері орналасқан.
Интеллектуалды круиз-бақылау + қозғалыс жолағында ұстау жүйесі
Жүргізушіге жол жағдайларын ескере отырып, магистральда немесе қалыпты
жолда қозғалу кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтауға көмектесу және көлікті қозғалыс жолағында ұстау жүйесі.
BOSE премиумдық аудио жүйесі, 12 динамик
12 жоғары технологиялық динамиктері мен сыртқы күшейткіші бар BOSE премиумды аудио жүйесінің керемет дыбысталу сапасынан ләззат алыңыз.
Соқыр аймақтарды басқару жүйесі
Аспаптар комбинациясында бұрылу көрсеткіші қосылған кезде тиісті жағынан артқы көріністің бүйірлік камерасынан бейнетрансляция іске қосылады.
Айнала шолу жүйесі
Бұл жүйе нақты уақыт режимінде көліктің айналасындағы аймақтың суретін дисплейге шығарады, бұл тұраққа қою процесін жеңілдетеді.
Алдыңғы соқтығысуды болдырмау көмекшісі (FCA)
Көліктің айналасындағы жағдайды бақылайды және соқтығысу қаупі туралы ескертеді.
Кенформатты қиғаш дисплей
Аспаптар мен ақпараттық ойын-сауық жүйесінің экранын біріктіретін кең форматты қиғаш алдыңғы панель дисплейі және проекциялық дисплей бірыңғай графикалық стильде жасалған.